Қуаныштан гөрі мұңды ой басым, Безендіріп шыршаларын қоймасын. Бір а

| просмотров: 4
Қуаныштан гөрі мұңды ой басым, 
Безендіріп шыршаларын қоймас

Қуаныштан гөрі мұңды ой басым, Безендіріп шыршаларын қоймасын. Бір ай бұрын жаңа жылды тойламай, Тәуелсіздік құрбандарын ойласын. Шыршалардың жарықтарын жақпасын, Қымбат-қымбат ойыншықтар тақпасын. Ұмыт қылмай желтоқсанды жас ұрпақ, Мәңгі бақи естерінде сақтасын. Тәуелсіздік мерекесін ысырып, Жаңа жылға төрді берді ұсынып. Бұл желтоқсан мереке емес негізі, Дұрыс көзбен қарай білсең түсініп. Жүрегімде жатыр мұңның тұз дәмі, Тоңдырады желтоқсанның ызғары. Аналардың құшағына сол күні, Оралмады ұлдарымен қыздары. Жазықсыздан қанша жанды қаматты, Жазықсыздан көл боп қанша қан ақты. Ерлігінің арқасында солардың, Бүгін бізге тәуелсіз боп таң атты. - Н. Қизатұлы

Похожие записи

Источник материала Вконтакте

Для просмотра источника войдите в Vkontakte и добавьте следующий текст в адресную строку: public40137153?w=wall-40137153_299713

Пан Ги Мун поделился бы этой новостью, а ты?

FacebookTwitterVKWhatsApp

или просто нажмите Нравится!

Ну или оставьте комментарий!

Реклама

Kaznews.kz

Kaznews.kz

Популярные новости

Посмотреть все популярные новости