Өркен Кенжебек: ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ТӨБЕЛЕС БОЙЫНША АҚШ-тың Вермонт штаты

| просмотров: 101
Өркен Кенжебек: ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ТӨБЕЛЕС БОЙЫНША 
 
АҚШ-тың Вер

Өркен Кенжебек: ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ТӨБЕЛЕС БОЙЫНША АҚШ-тың Вермонт штатында болғанымызда, бізді бір күні жергілікті полиция бөлімшесіне алып барды. Әйел де, еркек те кіре алатын әжетханасына дейін көрсетті.. Сонда біз "Қандай да бір қайғылы жағдай орын алса, қанша сағатта реакция бересіздер? Мысалы, әлеуметтік желіде..." дедік. Күлді. Өз сұрағымыздың әбестігін түсініп, "М-м, қанша минутта?" деп түзеттік. Тағы да күлді. Төзімімізді тауыспай, "45 секунд!" деп жауап берді. Яғни, бір жерде өлім фактісі тіркелсе не төбелес болса, 45 секундтың ішінде Твиттерімізге алғашқы жазбаны жазамыз деді. Таңбыз әлгі жерде. "Иә, біз де дым түсініп отырған жоқпыз, бірақ, бірнәрсе болды, бара жатырмыз, сабыр етіңдер" деп жазамыз да, ары қарай кете береміз дейді. Неге 45 секунд десек, бұдан ары тоссаң, сол оқиға жайлы қауесет бұқараның қолына көшіп кетеді деген. Біздіңше айтқанда, уатсапқа... Ол - Америка. Ал бұл - Қазақстан. Оның ішінде Қарағанды. Осылай біреу салыстырып жазса, менің де жыным ұстар еді.. Бірақ, ақыры сол жаққа өркениетіміз ұқсағысы келеді екен, ендеше тырысайық та.. Полициямыз да, қоғамымыз да ұқсасын! Қарағанды төбелесінен полиция кеш те болсын, бар ақпаратын беріп жатыр. "Тек армяндар" дегенге контраргумент: қақтығыс барысындағы екі тарап мүшелерінің арасында да қазақтар болған. Мысалы, ұсталғандар арасындағы Надырбеков Қайыр қай жағынан да қазақ. Мұның бәрін қазір Қарағандыда жүрген Айсұлтан Жақыпов әріптесімізден алып отырмыз. Қазақтарға қарсы тарапта армян да, қазақ та, әзірбайжан да болған. Сондықтан, бұған ұлтаралық бояу жағуға әсте келмейді. Бұл кәдімгі тұрмыстық кикілжің. Полицияның қызметі неде - үш адам ұсталды, тек бір күдіктінің соңынан халықаралық іздеу салынды. Нарек Гурурянның соңынан қуғыншы жіберді. Қазір кінәлілер қалай жазасын алатынын қайтыс болған жігіттің құнын төлету жағын келісіп жатыр. Иә, әлгі қайтыс болған жігіт ресторандағы төбелесте болмапты. Шақыртумен келіпті. Ажалы айдап келген, қазақша айтқанда. Енді 6 қаңтарда заң адамдары мен белсенді топ өкілдері қайта кездеседі. Сонда тағы біраз дүниенің басы ашылады деп отыр. Қазақтар тарапынан қамалған бір жігіт бүгін босатылады. Баланың қырқына дейін мейрамхана жабық болса, сол мейрамхана иесінің екі баласы қамақта. Тәк.. Бізге не істеу керек? Енді мәселеде әу баста болмаған мәселелерді жерден тауып, "армяндардың бизнесін тартып алып, өздерін қуайық" демей, артын күтуіміз керек. Егер осы логикамен ойлайтын болсаңыз, онда қысым көріп жатқан қазақтарға қатысты Қытайдың саясатын да қолдаған боп шығасыз ғой.. Себебі түрлі болғанмен, түпқисыны осыған ұқсас емес пе? Сабыр етейік! Қазақстан әлі де мемлекет - заңы бар, полициясы бар, Фэйсбугі бар. Олай болмаса, онда біз де басқаша жазар едік.. https://www.facebook.com/orkenegro

Похожие записи

Источник материала Вконтакте

Для просмотра источника войдите в Vkontakte и добавьте следующий текст в адресную строку: public75031742?w=wall-75031742_932034

Только 1% людей успевают поделиться этой новостью за 3 секунды после прочтения этого текста.

FacebookTwitterVKWhatsApp

или просто нажмите Нравится!

Ну или оставьте комментарий!

Реклама

Kaznews.kz

Kaznews.kz

Популярные новости

Посмотреть все популярные новости