САЙЛАУ 2019. Қайнар Алагөзов: Түсінбейтін өз ұлтының жан сырын, Қасы

| просмотров: 107
САЙЛАУ 2019. Қайнар Алагөзов:
Түсінбейтін өз ұлтының жан сы

САЙЛАУ 2019. Қайнар Алагөзов: Түсінбейтін өз ұлтының жан сырын, Қасымжомарт Тоқаевқа қарсымын. Жүйрік ақын Жүрсін Ерман айтқандай, Өз биігін білу керек әр шыбын. Қарсы емеспін жазымышқа, тағдырға, Қарсымын мен Әужанұлы Жамбылға. Каратэ емес, қара терін көрсетсін, Сегіз миллион сенген елдің алдында. Қарсымын мен атқа қонған әйелге, Әйел бастап оңып еді қай елде. Әрбір әйел бақытты етсін өз байын, Қарашаны қосам демей бай елге. Амангелді, Төлеутай мен Жұматай, Патша болмас, пәтиялы кіл атай. Ердің жасы елу деген қазақта, Ортасында бір "Ері" жоқ. Ұят-ай! Не көрсем де көппен бірге көремін. Елден басқа жоқ та менің сенерім. Қорқа-қорқа шықпай қалған даусымды, Амалсыздан, Қосановқа беремін!

Похожие записи

Источник материала Вконтакте

Для просмотра источника войдите в Vkontakte и добавьте следующий текст в адресную строку: public75031742?w=wall-75031742_996369

Сможете пустить слух с помощью любимой социально сети?

FacebookTwitterVKWhatsApp

или просто нажмите Нравится!

Ну или оставьте комментарий!

Реклама

Kaznews.kz

Kaznews.kz

Популярные новости

Посмотреть все популярные новости